Жетісу облысы Білім басқармасының
"Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Ақпарат
Ақпарат
01.08.2024
«Мектепке жол» акциясы
Қаратал ауданында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы биылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында жыл сайын тұрақты ұйымдастырылады. «Мектепке дайындық үшін қайырымдылық көмек көрсетуге әлеуметтік осал топтағы 750 баланың тізімі жасалды. Сонымен қатар Үкімет қаулысына сәйес әлеуметтік жағынан осал отбасыларының 1570 баласын киім-кешек, кеңсе тауарларымен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен  65, 149,0 теңге қаражат бөлінді, яғни 1 балаға 43 407 теңгеден бөлінген. Қаражат ата-аналардың карточкалық есепшоттарына 10 тамызға дейін толық аударылады» Сол сияқты акция аясында аудан орталығының және ірі сауда орындарында мектеп тауарларын төмендетілген бағамен сататын мектеп жәрмеңкелерін өткізу жоспарланып отыр.
16.04.2024
АЛМАТЫДА ӨТКЕН ДИРЕКТОРЛАР ФОРМУЫНА 800-ДЕН АСТАМ МЕКТЕП БАСШЫСЫ ҚАТЫСТЫ
Алқалы жиында Алматы қаласы, Жетісу және Алматы облыстарының мектеп директорлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. 🗳️2023 жылғы білім саласындағы барлық бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігі бірқатар тежеуші факторларды анықтады. Бұл, өз кезегінде, ұсынылатын білім беру қызметтерінің, білім сапасының төмендеуіне және балалардың білім алу құқықтарының бұзылуына әкеледі. Нәтижесінде министрлік тарапынан әдістемелік ұсынымдар беріп, барлық анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жасалды. 💬«Білім беру жүйесін жақсарту мақсатында министрлік 2023 жылы білім беру сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған ірі жобаларды іске асырды. Біздің ортақ мақсатымыз — балаларды сапалы біліммен және саналы тәрбиемен қамтамасыз ету. Ол үшін әрбір басшы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген бағдарларды анықтауы қажет», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев. 💬«Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасы менің көптеген әріптестеріме өзінің бағын сынауына жақсы мүмкіндік болды. Бағдарламаның басынан бастап біз іріктеудің әртүрлі кезеңдерінен өттік. Еліміздің озық мектептерінде оқыдық және тағылымдамадан өттік. Мен осы бағдарламаның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Мен еліміздің игілігі мен отандық білім берудің өркендеуі үшін одан да зор құлшыныспен жұмыс істеуге дайынмын», - деді Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы № 140 гимназиясы директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дәурен Сағынғалиев. 🧑🏻‍🏫Сондай-ақ, форумда Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы мектептерінің басшылары сөз сөйледі. Олар Оқу-ағарту министріне тікелей сауалдарын қойып, жауаптарын алды. Кездесуге еліміздің үш облысының орта білім беру ұйымдарының 800 басшысы қатысты.Бұл іс-шара еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады.
08.02.2024
8 қаңтар күні оқушылар арасында "Жыр алыбы - Жамбыл" жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті. Қазылар алқасы сайыскерлердің сөз саптауын,
8 қаңтар күні оқушылар арасында "Жыр алыбы - Жамбыл" жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті. Қазылар алқасы сайыскерлердің сөз саптауын, тіл байлығын және суырып салмалық өнерін таразылады, нәтижесінде, ауданымыздан айтысқа жанары ұшқын шашқан «Жаңаталап орта мектебі» КММ-ң 8 - сынып оқушысы Әділғалымқызы Алуа жүлделі ІІ орынға ие болды.Халқымыздың маңдайына біткен өнерін өшіріп алмай, келер ұрпаққа жеткізетін дарынды оқушымыздың алар асуы, шығар шыңы көп болсын!
06.02.2024
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ ІС-ТӘЖІРИБЕ ТАРАТЫЛДЫ! 2024 жылдың 06-ақпан күні педагогтардың сабақ үрдісінде функционалдық сауаттылық тапсырмаларын тиімд
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ ІС-ТӘЖІРИБЕ ТАРАТЫЛДЫ! 2024 жылдың 06-ақпан күні педагогтардың сабақ үрдісінде функционалдық сауаттылық тапсырмаларын тиімді қолдану жолдарын жетілдіру мақсатында «Оқу мақсаттары бойынша тапсырмаларды тиімді ұсыну жолдары» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық вебинарда Б.Римова атындағы ОМГ физика пәні мұғалімі Нұрзат Айғалиқызы Қасымбаева «Толқындық қозғалыс. Электромагниттік толқындар» тақырыптарында оқу мақсаттарына сай тапсырмалар құрастырып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Шығармашыл ұстазымызға толағай табыстар тілейміз!
06.02.2024
Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес “Бала тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі” тақырыбында аудандық ата- аналар жиналысы өтті.
Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес “Бала тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі” тақырыбында аудандық ата- аналар жиналысы өтті.
01.02.2024
жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті
Ағымдағы жылдың 1 - 2 ақпан күндері оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. 1 күні ауданның 25 жалпы орта білім беретін мекемелерінен 5 сынып бойынша 117 бала қатысты.
31.01.2024
Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Салкинбекованың ұйымдастыруымен тәрбие мен психологиялық қызметті ұйымдастыруда мектеп директорының
Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Салкинбекованың ұйымдастыруымен тәрбие мен психологиялық қызметті ұйымдастыруда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, педагог- психолог, педагог- ұйымдастырушы, сынып жетекшілер арасында “Шебер-сынып алаңы”өткізілді.
26.01.2024
«Н.Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Г. Төреханованың жүргізуімен «Сабақты зерттеудің ке
Әдістемелік орталықтың жылдық жоспар бойынша «Каникулдық мектеп» аясында 2024 жылдың 4-қаңтары күні С.Морозов атындағы №51 ОМГ базасында «Н.Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Г. Төреханованың жүргізуімен «Сабақты зерттеудің кезеңдерін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында практикалық семинар ұйымдастырылып,өткізілді. Аталған семинарға аудан мектептерінің 62 көшбасшы ұстаздары қатысып, сабақты зерттеу бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық жұмыстар жасады.
25.01.2024
«Абай әлемі»
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні «Абай әлемі» шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде жүлделі орын алған, ұлы ағартушының атын мақтанышпен насихаттап жүрген оқушыларымызды құттықтаймыз!
25.01.2024
Қаңтар айының 17 күні жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының ауданд
Қаңтар айының 17 күні жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға аудан мектептерінен 47 оқушы сынға түсті. Байқау А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің базасында екі бағытта жүрді: Бірінші бағыт: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы бағытында қатысушылар ақынға арнаған шығармашылығын жатқа оқу арқылы ақынның өлеңдерінің ішкі табиғатына талдай үңіліп, ұлы Абайды танып, рухани-адамгершілік қасиетін бойларына сіңіре алды. Екінші бағыт: «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер бағытында өлеңдерінің барлық жанрын саралап, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу арқылы қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсінді. Нәтижесінде, 1-бағыт бойынша: І-орын – Құрманбек Анел, Б.Римова атындағы ОМГ 10 сынып оқушысы; ІІ –орын – Жанахмет Айназ, С.Морозов атындағы №51 ОМГ 9 сынып оқушысы; ІІ – орын – Әкім Ерзат, М.Горький атындағы ОМ 9 сынып оқушысы; ІІІ – орын – Тлеукен Жанерке, І.Есенберлин атындағы ОМ 8 сынып оқушысы; ІІІ – орын – Бейсембай Жанел, Жылыбұлақ ОМ 9 сынып оқушысы; ІІІ – орын – Ақылбек Дина, Ж.Молдағалиев атындағы ОМ 10 сынып оқушысы: 2-бағыт бойынша: І орын – Ақылмұрат Амина, Қ.Байсеитов атындағы ОМ 11 сынып оқушысы; І орын – Еренғаипова Альмира, К.Тоқаев атындағы ОМ 10 сынып оқушысы; ІІ орын – Күншұақ Айжамал, Панфилов атындағы ОМ 10 сынып оқушысы; ІІІ орын – Өмірзақ Амина, С.Морозов атындағы №51 ОМГ 10 сынып оқушысы; ІІІ орын – Мәуетхан Әдемі, С.Морозов атындағы №51 ОМГ 10 сынып оқушысы; ІІ орын – Құдайберген Үміт, Оян ОМ 9 сынып оқушысы; ІІІ орын – Алимжан Мадина, Р.Қошқарбаев атындағы ОМ 9 сынып оқушысы: ІІ орын – Оразбай Жансая, С.Морозов атындағы №51 ОМГ 8 сынып оқушысы; ІІІ орын – Қабибекқызы Айзере, К.Тоқаев атындағы ОМ 8 сынып оқушысы; ІІІ орын – Еренғайып Аяла, Лермонтов атындағы ОМ; ІІІ орын –Дубек Алина, , С.Морозов атындағы №51 ОМГ 8 сынып оқушысы Ұлы ойшылдың шығармаларын насихаттап жүрген дарынды оқушыларымызды құттықтаймыз!!!
24.01.2024
TopIQ платформасына қосылу мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік орталық әдіскері Н.Нұрғазинова вебинар ұйымдастырды.
24-қаңтар күні аудан мектептері директорларының оқу-тәрбие орынбасарларының (админ) қатысуымен цифрлық платформаларда мұғалімдерге жұмыс жасап үйрету мақсатында «Алматы кітап баспасы» TopIQ платформасына қосылу мүмкіндіктері» тақырыбында аталған платформаның техникалық қызметкері Е.Имашованың қатысуымен әдістемелік орталық әдіскері Н.Нұрғазинова вебинар ұйымдастырды. Вебинарға барлығы 30 педагог қатысып, платформа жұмысымен танысты, сұрақтарына жауап алды.
18.01.2024
І.Есенберлин МДШО бар орта мектеп базасының аясында мектепалды даярлық сынып педагогтерімен "Интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдан
І.Есенберлин МДШО бар орта мектеп базасының аясында мектепалды даярлық сынып педагогтерімен "Интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру " тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Э. Бейсетбаеваның ұйымдастыруымен практикалық семинар өткізілді.
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Жетісу облысының әкімі
Марат Бекбосынұлы Сүлейменов
Жетісу облысы білім басқармасының басшысы
Тенельбаев Жандос Каскырбекович
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
8(72834)47918
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Папова 5
© 2024 Жетісу облысы Білім басқармасының "Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі