Жетісу облысы Білім басқармасының
"Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Бөлім туралы / Бөлім туралы Ереже

«Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік  органы болып табылады.

         2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         3. Бөлім ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы,                       Т. Кұсмолданов көшесі, № 21.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлім қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттерден жүзеге асырылады.

12. Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлім заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы,негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

13. Бөлімнің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

14. Бөлімнің мiндеттерi:

1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, кешкі (ауысымдық) оқыту түрін қосқанда, қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

2) мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың материалды-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;

3) білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттер кешенін және бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету;

5) ғылыми мекемелерімен білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау;

6) он екі жылдық жалпы орта білім беруге көшу үшін жағдай жасау;

7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру;

8) білім беру желілерін сақтау және дамыту, олардың білім беру үрдісін жетілдіру және білім беру жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту.

9) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

10) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебісін арттыруды қамтамасыз ету;

11) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді жүзеге асыру.  

15. Бөлімнің функциялары:

1) бөлімдері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

3) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;

5) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің қажеттілігін айқындау;

6) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін енгізеді;

7) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;

8) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

11) қалалық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;

13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

15) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

16) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білімі беретін пәндері бойынша қалалық мектеп олимпидаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

17) қалалық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарыныңмемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және

мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

18) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;

19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауданың білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;

20) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауға және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;

21) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

22) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, ауданы, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

24) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;

25) ауданы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

26) білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

27) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

28) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;

29) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

30) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

31) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

32) білім беру ұйымдарында, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;

33) мамандандырылған жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;

34) ауданы білім беру бөлімінің құрылымын облыс басқармасына келісуге енгізеді және бекітеді;

35) тиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, орта білім беру ұйымдарының жиынтық-сыныптарының санын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру) келіседі;

36) Бөлімнің қарамағындағы мектепке дейінгі, орта білім беру және қосымша білім беру мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

37) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Бөлімнің құқықтары мен мiндеттерi:

1) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан (келісім бойынша) өз құзыретінің мәселесі бойынша ақпарат сұратуға және алуға;

2) мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекетті іске асыруға;

3) білім беруді дамытуды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға;

4) білім беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

5) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдарды басқару мәселесі бойынша актілерді әзірлеуге, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;

6) заңнамаға сәйкес бюджеттен қаржыландырылатын, Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың қызметі мен міндетті жұмыстар (қызметтер) көлемінің басым бағыттарын анықтайды;

7) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың мәні мен қызметінің мақсаттарын анықтайды;

8) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қарамағындағы ұйымдармен өндірілетін және босатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларына келісім береді;

9) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдарды дамыту жоспарларының орындалуын қарастырады, келіседі, бекітеді, бақылау жасайды, талдау жүргізеді және олардың орындалуы бойынша есеп береді;

10) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың мүліктерін пайдалануға және сақтауға бақылау жасайды;

11) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың мүліктерін қайтарып алуға немесе қайта бөлуге келісім береді;

12) Мемлекеттік мекемесінің функцияларына қатысты істер бойынша соттарда қуынушы, жауапкер, куәгер ретінде дербес немесе өкіл арқылы талап қоюға және сөз сөйлеуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

Өз өкілеттіктерін орындау үшін атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара әрекет етеді. 

 

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

 

17. Бөлімге басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

18. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;

2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;

5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.  

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23 Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізімі:

1) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы орта мектебі Балқаш бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғазы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Рақымжан Қошқарбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Елтай атындағы  орта мектебі Сарыбұлақ бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жаңаталап орта мектебі Ұмтыл бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Кәлпе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қанабеқ Байсеитов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М. Горький атындағы орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көкдала орталау мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Панфилов атындағы орта мектеп»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жылыбұлақ орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Құлжабай батыр атындағы орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.И. Морозов атындағы № 51 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар  орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «І.Есенберлин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар  орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18)  «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «К. Тоқаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

19) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жұбан Молдағалиев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар  орта мектебі Қожбан бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

22) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.С. Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

21) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекемесінің «№ 13 орта мектебі жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

22) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Лермонтов атындағы орта мектеп» «Лермонтов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекетік мекемесі;

23) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарашеңгел орталау мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

24) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Оян ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

25) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Үшкөмей орталау мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

26) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәлік Ғабдуллин атындағы орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

 27) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үштөбе қаласының балалар шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

28) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 25 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

29) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің № 97 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

30) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Оқу-өндірістік комбинаты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

31) «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

 

 

 

 

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Жетісу облысының әкімі
Марат Бекбосынұлы Сүлейменов
Жетісу облысы білім басқармасының басшысы
Тенельбаев Жандос Каскырбекович
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
8(72834)47918
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Папова 5
© 2024 Жетісу облысы Білім басқармасының "Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі