Жетісу облысы Білім басқармасының
"Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Ақпарат
Ақпарат
06.02.2024
Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес “Бала тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі” тақырыбында аудандық ата- аналар жиналысы өтті.
Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес “Бала тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі” тақырыбында аудандық ата- аналар жиналысы өтті.
01.02.2024
жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті
Ағымдағы жылдың 1 - 2 ақпан күндері оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. 1 күні ауданның 25 жалпы орта білім беретін мекемелерінен 5 сынып бойынша 117 бала қатысты.
31.01.2024
Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Салкинбекованың ұйымдастыруымен тәрбие мен психологиялық қызметті ұйымдастыруда мектеп директорының
Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Салкинбекованың ұйымдастыруымен тәрбие мен психологиялық қызметті ұйымдастыруда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, педагог- психолог, педагог- ұйымдастырушы, сынып жетекшілер арасында “Шебер-сынып алаңы”өткізілді.
26.01.2024
«Н.Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Г. Төреханованың жүргізуімен «Сабақты зерттеудің ке
Әдістемелік орталықтың жылдық жоспар бойынша «Каникулдық мектеп» аясында 2024 жылдың 4-қаңтары күні С.Морозов атындағы №51 ОМГ базасында «Н.Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Г. Төреханованың жүргізуімен «Сабақты зерттеудің кезеңдерін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында практикалық семинар ұйымдастырылып,өткізілді. Аталған семинарға аудан мектептерінің 62 көшбасшы ұстаздары қатысып, сабақты зерттеу бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық жұмыстар жасады.
25.01.2024
«Абай әлемі»
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні «Абай әлемі» шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде жүлделі орын алған, ұлы ағартушының атын мақтанышпен насихаттап жүрген оқушыларымызды құттықтаймыз!
25.01.2024
Қаңтар айының 17 күні жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының ауданд
Қаңтар айының 17 күні жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға аудан мектептерінен 47 оқушы сынға түсті. Байқау А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің базасында екі бағытта жүрді: Бірінші бағыт: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы бағытында қатысушылар ақынға арнаған шығармашылығын жатқа оқу арқылы ақынның өлеңдерінің ішкі табиғатына талдай үңіліп, ұлы Абайды танып, рухани-адамгершілік қасиетін бойларына сіңіре алды. Екінші бағыт: «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер бағытында өлеңдерінің барлық жанрын саралап, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу арқылы қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсінді. Нәтижесінде, 1-бағыт бойынша: І-орын – Құрманбек Анел, Б.Римова атындағы ОМГ 10 сынып оқушысы; ІІ –орын – Жанахмет Айназ, С.Морозов атындағы №51 ОМГ 9 сынып оқушысы; ІІ – орын – Әкім Ерзат, М.Горький атындағы ОМ 9 сынып оқушысы; ІІІ – орын – Тлеукен Жанерке, І.Есенберлин атындағы ОМ 8 сынып оқушысы; ІІІ – орын – Бейсембай Жанел, Жылыбұлақ ОМ 9 сынып оқушысы; ІІІ – орын – Ақылбек Дина, Ж.Молдағалиев атындағы ОМ 10 сынып оқушысы: 2-бағыт бойынша: І орын – Ақылмұрат Амина, Қ.Байсеитов атындағы ОМ 11 сынып оқушысы; І орын – Еренғаипова Альмира, К.Тоқаев атындағы ОМ 10 сынып оқушысы; ІІ орын – Күншұақ Айжамал, Панфилов атындағы ОМ 10 сынып оқушысы; ІІІ орын – Өмірзақ Амина, С.Морозов атындағы №51 ОМГ 10 сынып оқушысы; ІІІ орын – Мәуетхан Әдемі, С.Морозов атындағы №51 ОМГ 10 сынып оқушысы; ІІ орын – Құдайберген Үміт, Оян ОМ 9 сынып оқушысы; ІІІ орын – Алимжан Мадина, Р.Қошқарбаев атындағы ОМ 9 сынып оқушысы: ІІ орын – Оразбай Жансая, С.Морозов атындағы №51 ОМГ 8 сынып оқушысы; ІІІ орын – Қабибекқызы Айзере, К.Тоқаев атындағы ОМ 8 сынып оқушысы; ІІІ орын – Еренғайып Аяла, Лермонтов атындағы ОМ; ІІІ орын –Дубек Алина, , С.Морозов атындағы №51 ОМГ 8 сынып оқушысы Ұлы ойшылдың шығармаларын насихаттап жүрген дарынды оқушыларымызды құттықтаймыз!!!
24.01.2024
TopIQ платформасына қосылу мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік орталық әдіскері Н.Нұрғазинова вебинар ұйымдастырды.
24-қаңтар күні аудан мектептері директорларының оқу-тәрбие орынбасарларының (админ) қатысуымен цифрлық платформаларда мұғалімдерге жұмыс жасап үйрету мақсатында «Алматы кітап баспасы» TopIQ платформасына қосылу мүмкіндіктері» тақырыбында аталған платформаның техникалық қызметкері Е.Имашованың қатысуымен әдістемелік орталық әдіскері Н.Нұрғазинова вебинар ұйымдастырды. Вебинарға барлығы 30 педагог қатысып, платформа жұмысымен танысты, сұрақтарына жауап алды.
18.01.2024
І.Есенберлин МДШО бар орта мектеп базасының аясында мектепалды даярлық сынып педагогтерімен "Интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдан
І.Есенберлин МДШО бар орта мектеп базасының аясында мектепалды даярлық сынып педагогтерімен "Интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру " тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Э. Бейсетбаеваның ұйымдастыруымен практикалық семинар өткізілді.
18.01.2024
Жаңаталап орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жанат Ришат қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды.
14-18 қаңтар күндері Астана қаласында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі өтті. Республикалық кезеңіне информатика пәні бойынша Жаңаталап орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жанат Ришат қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ауданымыздың мерейін үстем еткен дарынды оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жүлдегеріміздің алар асулары көп болсын!
18.01.2024
Ағымдағы жылдың 18-қаңтар күні педагог-психологтарға арналған "Жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлық
Ағымдағы жылдың 18-қаңтар күні педагог-психологтарға арналған "Жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары" тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
18.01.2024
Ағымдағы жылдың 18-қаңтар күні педагог-психологтарға арналған "Жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлық
Ағымдағы жылдың 18-қаңтар күні педагог-психологтарға арналған "Жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары" тақырыбында облыстық семинар өткізілді
16.01.2024
«А.С. Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі»
«Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жандос Қасқырбекұлы Теңелбаевтың бұйрығымен, Аманкелді Жанатұлы Әлімқұлов конкурстық рәсімдерден өтпей «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «А.С. Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына бес жыл мерзімге 2024 жылдың 16 қаңтарынан (2029 жылы 16 қаңтарға дейін) барлық қаржылық және қатаң есептілік құжаттарға қол қою құқығымен тағайындалды.
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы
Жетісу облысының әкімі
Марат Бекбосынұлы Сүлейменов
Жетісу облысы білім басқармасының басшысы
Тенельбаев Жандос Каскырбекович
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
8(72834)47918
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Папова 5
© 2025 Жетісу облысы Білім басқармасының "Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі